Тоқаев Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады

Автор: Асыл Арман

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысады

Фото: Ақорда

Ақорда 8-9 қазан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен баратынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сапар аясында президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.