Тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
«Қазақстан президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысы Ресей президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.