Шымкентте тойдан кейін аспанға оқ атқан ер адам бес күнін темір торда өткізетін болды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол сигналды тапаншадан оқ атып, өзгелерге қауіп төндірген

Фото: Видеодан скрин

Шымкентте тойдан кейін аспанға қарата оқ атқан ер адам бес күнін темір торда өткізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінде болды. Полиция департаментінің мәліметінше, оқ атқан ер адам – 34 жастағы қала тұрғыны Бунедбек Юлдашев. Ол сигналды тапаншадан оқ атып, өзгелерге қауіп төндірген. Ол өз сөзінде туысының шаңырақ көтергенін осылайша атап өткен.

«Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сол сияқты оған түнгі тыныштықты бұзғаны және қаруды заңсыз қолданғаны үшін айыппұл салды», – делінген хабарламада.

Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген іс заң аясында қаралып, қатаң шешім қолданылатынын ескертті.