Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ және екпінді жел күтіледі
7 қазанда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде жауын-шашын, тұман және екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ пен төменгі бұрқасын болжанады, ал қалаларда ауа температурасы -3-тен +23 градусқа дейін құбылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде −1...-3°C, күндіз +10...+12°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +15...+17°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +18...+20°C.
Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +15...+17°C.
Ақтауда бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +21...+23°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +13...+15°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Жолдарда көктайғақ болады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, түнде қар, төменгі бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде −1...-3°C, күндіз +10...+12°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, тұман болады. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +20...+22°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде −1...-3°C, күндіз +6...+8°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, төменгі бұрқасын, көктайғақ болады. Екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр, екпінді жел. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +8...+10°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +15...+17°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +17...+19°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +19...+21°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +17...+19°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр, екпінді жел. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +6...+8°C.