Президент тиісті заңға қол қойды
Мемлекет басшысы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.