Онда мамандардың біліктілігі мен құзыретіне қойылатын бірыңғай талаптар белгіленген
Елімізде психолог мамандарына қойылатын талаптарды белгілейтін кәсіби стандарт бекітілді. Онда мамандардың біліктілігі мен құзыретіне қойылатын бірыңғай талаптар, кәсіби даярлығы, сол сияқты балалар психологы, спорт психологы және жеке практикадағы мамандарға арналған біліктілік деңгейлері айқындалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік бекіткен кәсіби стандарт бойынша психолог жұмысының негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға талаптарға сай және ғылыми негізделген көмек көрсету. Бұл үшін психологтар психологиялық диагностика жүргізіп, кеңес береді, түзету және оңалту жүргізеді. Сонымен қатар абилитация, психопрофилактика және психологиялық ағарту әдістері қолданылады.
Осы жұмыстардың барлығы адамның психологиялық жағдайын сақтауға және жақсартуға, оның қоршаған ортаға бейімделуіне және өмір сүруін жеңілдетуге бағытталған.
Кәсіби стандарт мына мақсатта қолданылады:
Кәсіби стандарт мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы қатынастарға және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңмен белгіленетін психологиялық көмекке қолданылмайды.
Мамандық карталарының тізімі:
Стандартта мына мәліметтер көрсетіледі:
Бұйрық 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.