Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады

Автор: Асыл Арман

Дегенмен кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 6-8 қазан күндері атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандардың болжамына сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болып, бұрқасын, екпінді жел соғады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

«Ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С болады», – делінген ауа райы болжамында.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0,+5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды.