ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ
Алматы облысының Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйде ірі өрт шығып, ТЖМ құтқарушылары тілсіз жауды оқшаулады. Оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылып, ғимарат тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ алғашқы бөлімшелері жеткен кезде пәтерлердің үстіңгі қабатын жауып тұрған шатыр ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылар өртті жоғары ранг бойынша сөндіруге кірістi. Өрт сөндіру оқпандары бірден беріліп, оқиға орнында арнайы жедел штаб құрылды. Бес қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шұғыл түрде эвакуацияланды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында ашық жалын басылып, өрт оқшауланды. Жасырын жану ошақтарын анықтау және жою үшін шатыр жабындылары ашылып, сөндіру жұмыстары жалғасуда.
ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.