Теміртауда шаруашылық нысаны өртеніп кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Төтенше жағдай Электриктер көшесінде болған

Фото: ТЖМ

Теміртау қаласында жеке секторда аумағы 120 шаршы метр шаруашылық құрылысы өртеніп, ТЖМ күштері тілсіз жауды толықтай ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жанып жатқан нысан ішінен тұрмыстық газ баллоны сыртқа шығарылып, көршілес екі тұрғын үй өрттен аман қалды.

Оқиға Теміртау қаласының Электриктер көшесінде болған. Жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылыстың ағаш конструкциялары белгісіз себептермен лап берген.

Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар жанып жатқан нысан ішінен сыйымдылығы 50 литрлік тұрмыстық газ баллонын сыртқа алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Сондай-ақ өрттің көршілес екі жеке тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндіріліп, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.