5 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Дәулет Ботагөз

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 2026 жылдың 5 қазанына арналған республика аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады. Ел өңірлерінің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді, сондай-ақ көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде қатты жаңбыр мен қар күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болып, түнде және таңертең ел аумағында тұман түседі. Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Жоғары өрт қаупі Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Абай облыстарының жекелеген аумақтарында, ал төтенше өрт қаупі Қызылорда, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар бөлігінде болжанады.