Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

2026 жылдың 4–6 қазаны аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы күрт суытады

Фото: © istockphoto.com

2026 жылдың 4–6 қазаны аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы күрт суытып, жаңбыр мен қар жауады, сондай-ақ жел күшейеді. Елордада термометр бағаны 0°C-қа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асады, ал Алматыда +28°C жылылықтан кейін температура кейде +12°C-қа дейін құлдырайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Елордада 4-6 қазан аралығында күн суытып, жауын-шашын күшейеді. 4 қазанда жаңбыр жауып, күн соңында қар аралас жаңбырға ұласады, ауа температурасы +8…+10°C болады. 5 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C-қа дейін төмендейді, желдің екпіні 30 м/с-тан асады. 6 қазанда да қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +2…+4°C болады. Жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Алматыда 28 градусқа дейін жылынғаннан кейін ауа райы күрт бұзылады. 4 қазанда жауын-шашынсыз, күн жылы болады: түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C. 5 қазанда жаңбыр жауып, кей уақытта нөсерге ұласады, ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +12…+14°C-қа дейін төмендейді. 6 қазанда жауын-шашынсыз, алайда салқын ауа райы сақталып, түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C болады.

Шымкентте 4-6 қазан аралығында жауын-шашынды әрі салқын ауа райы күтіледі. 4 қазанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта нөсер болады, ауа температурасы +15…+17°C шамасында сақталады. 5 қазанда түнде жаңбыр жауып, күндіз жауын-шашын тоқтайды, температура түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C болады. 6 қазанда жауын-шашынсыз, түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C жылы болады.