Алматыда тау шыңында қалған турист құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте адасқан турист аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді

Фото: ТЖМ

Алматы облысының Қарасай ауданында, Қаныш Сәтбаев шыңы маңында түнде жол таппай қалған жас жігітке құтқарушылар көмекке келді. Теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте адасқан турист аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушыларына Қаныш Сәтбаев шыңының маңында көмекке мұқтаж турист туралы хабарлама түскен. 2007 жылы туған азамат тауға көтерілгенімен, күн батып, қараңғы түсуіне байланысты төменге өзі төмендей алмаған. Мамандар 4317 метр биіктікке көтеріліп, жас жігітті аман-есен Эко-бекетке дейін жеткізді. Құтқарылған туристке медициналық көмек қажет болған жоқ, ол Эко-бекеттен үйіне өзі қайтты.

Тегтер: