Оқиға «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткішінің жанында болған
Шымкент полициясы тарихи монумент аумағында қауіпті маневрлер жасаған 18 жастағы бұзақының жолын кесті. Жергілікті тұрғын түн ортасында тұрғындардың тыныштығын бұзып, жол қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Шымкент қаласындағы «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткішінің жанында болған. 18 жастағы қала тұрғыны Камранбек Юсувалиев тізгіндеген Mercedes-Benz маркалы автокөлігімен қоғамдық орында ереже сақтамай, дрифт пен қауіпті маневрлер ұйымдастырған.
Тәртіп сақшылары жүргізушінің заңсыз әрекетіне шұғыл тосқауыл қойып, әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімімен 18 жастағы Камранбек Юсувалиев заң бұзғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.