4 қазан күні ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, ауа райы құбылмалы болады

Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» 2026 жылғы 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс пен солтүстікте қатты жауын-шашын, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай мен қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жел болжанады. Солтүстік-батыста көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының жекелеген аумақтарында болжанып отыр.