Солтүстік пен батыста жаңбыр, қар аралас жауын-шашын күтіледі
Қазақстанда 3 қазанда ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен батыста жаңбыр, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Бірқатар қалада тұман, көктайғақ және желдің екпіні күтіледі. Ал оңтүстікте күн жылы болып, ауа температурасы +29 °C-қа дейін көтеріледі,деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада бұлтты, күн соңында аздаған жаңбыр жауады. Түнде +9...+11 °C, күндіз +19...+21 °C.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11 °C, күндіз +22...+24 °C.
Шымкентте бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпінді болады. Түнде +12...+14 °C, күндіз +27...+29 °C.
Ақтөбеде бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде +2...+4 °C, күндіз +7...+9 °C.
Ақтауда бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз жел күшейеді. Түнде +10...+12 °C, күндіз +15...+17 °C.
Атырауда бұлтты, күн соңында аздаған жаңбыр жауады. Түнде +3...+5 °C, күндіз +10...+12 °C.
Жезқазғанда бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде +10...+12 °C, күндіз +20...+22 °C.
Қарағандыда бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, жел екпінді болады. Түнде +9...+11 °C, күндіз +19...+21 °C.
Көкшетауда бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпінді. Түнде +7...+9 °C, күндіз +16...+18 °C.
Қостанайда бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде +3...+5 °C, күндіз +8...+10 °C.
Қызылордада бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, шквал және желдің екпіні күтіледі. Түнде +9...+11 °C, күндіз +23...+25 °C.
Қонаевта бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпінді болады. Түнде +9...+11 °C, күндіз +24...+26 °C.
Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7 °C, күндіз +21...+23 °C.
Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз жел күшейеді. Түнде +6...+8 °C, күндіз +14...+16 °C.
Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7...+9 °C, күндіз +21...+23 °C.
Талдықорғанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0...+2 °C, күндіз +23...+25 °C.
Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11 °C, күндіз +25...+27 °C.
Түркістанда бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпінді болады. Түнде +12...+14 °C, күндіз +27...+29 °C.
Оралда бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын болып, жел күшейеді. Түнде 0...+2 °C, күндіз +4...+6 °C.
Өскеменде бұлтты, түнде жаңбыр жауады, жел екпінді болады. Түнде +8...+10 °C, күндіз +18...+20 °C.