Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қай өңірлерде ауа райы бұзылады

Автор: Алмас Ерсін

Бірқатар өңірде қатты жаңбыр, найзағай, тұман және жел күтіледі

Фото: istockphoto.com

3 қазан күні Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде қатты жаңбыр, найзағай, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстік пен орталықта жаңбыр, найзағай болады. Павлодар қаласында да түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Батысы мен солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік, оңтүстік-батыс жел соғады. Күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады. Батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен орталығында күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстік пен орталықта тұман түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавлда оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен таулы аудандарында түнде және таңертең жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының шығысы мен орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстігі, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 18 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстік-батысы мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғып, батысы, солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысы, солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік, шығыс және орталықта күндіз шаңды дауыл мен дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде солтүстік, батыс және орталықта, күндіз 15-20 м/с, ал оңтүстік, шығыс және орталықта екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл және қатты жел болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістанда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15-18 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қаупі, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.