Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр

Фото: istockphoto.com

Шымкентте әйел адам күйеуімен ұрысып қалып, жүрегіне пышақ сұғып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиғаны Шымкент қаласының Полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен әйелі арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал туындап, салдарынан ер адам пышақ жарақатын алған. Аталған факт бойынша әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.