Қайын жұртын қырып тастаған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісіндегі хакерге 12 эпизод бойынша айып тағылған

Автор: Махан Миражан

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеме 

Фото: ЖИ

Атырауда қайын жұртын қырып салған Сұлтан Сәрсемалиев туралы әлеуметтік желіде ақпарат таратқан «хакерге» қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министрдің сөзінше, атыраулық хакерге байланысты 12 эпизод бойынша айып тағылған.   

«Бұл тұлға Түркиядан экстрадиция бойынша елге жетті. Оның қылмыстың ісі сотқа жолданды. Тергеу аяқталды. Бұған дейін де ақпарат бергеніміздей, ол қандай да бір деректер базасын аша алмайды. Ол алған және жариялаған ақпараттың бәрін біздің қызметкерлерден алған», - деді ол.

Санжар Әділов ақпаратты таратқан қызметкерлер жазаларын алды дейді. 

«Ал аталған фигурантқа қатысты алаяқтықтың бірнеше эпизоды бойынша тергеуді аяқтадық. Қазіргі таңда алаяқтық бойынша 12 эпизодпен айып тағылды. Іс сот өндірісінде тұр. Өкінішке қарай, сол себепті бұдан артық ақпаратты айта алмаймын», - деді Ішкі істер вице-министрі.

Айта кетейік, бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін аса қатыгездікпен өлтірген Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.