Ол ширек финалда моңғолиялық балуанды иппонмен жеңді
Дзюдошы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында моңғолиялық Ариунболд Энхтайванмен белдесіп, қарсыласын иппонмен жеңді.
Осылайша отандасымыз Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды.