«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды

Фото: Видеодан скрин

Петропавл қаласында блогер Ирина Антоненко қаралы күні тікелей эфирде би билеп, былапыт сөздер айтты. Осы қылығы үшін ол 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде теріс қылық жасаған Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненконы анықтады.

«Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, тиісті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. 29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді.