Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Осы аптада 5 өңірде жылу беру маусымы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вице-министрдің сөзінше, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жылу беру маусымы басталып кетті.
Ал осы аптада тағы 5 өңірде жылу беріледі.
«Ауа райы көрсеткіштеріне қарай осы аптаның соңына дейін тағы бес өңірде – Астана қаласында, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Абай облыстарында жылыту маусымын бастаймыз», – деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Оның айтуынша, жылыту маусымына дайындық аясындағы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Энергия көздерінде жылыту маусымын бастау үшін қажетті отын қоры мен жабдықтар жеткілікті.