Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Астананың орталық көшелерінің бірінде Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Мәңгілік ел, 21 мекенжайында болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Видеодан жүргізушінің әйел адамды қағып кеткеннен кейін тоқтамастан ары қарай кетіп қалғанын байқауға болады.
«Jetour T2» автокөлігінің жүргізушісі анықталды, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.