Солтүстік және шығыс өңірлерде -2...-3°C-қа дейін үсік күтіледі
Синоптиктер 28 қыркүйекке Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Абай облысының батысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы -2...-3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік күтіледі.
Атырау және Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының солтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының шығысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының орталығында және Алматы облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупінің төтенше деңгейі болжанады.