Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды
Мемлекет басшысының жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).