Ақтөбеде түнгі уақытта отшашу атып, тыныштықты бұзған тұрғын айыппұл арқалады

Автор: Дәулет Ботагөз

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтау барысында оның Ақтөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны Жаннұр Кішкенбаев екенін растады

Фото: ІІМ

Ақтөбе қаласында түнгі уақытта бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу фактісі тіркелді. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын түн ортасында тұрғын үйлердің жанында отшашу атып, азаматтардың тыныштығын бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау деректері бойынша оқиғаға жедел ден қойып, құқық бұзушыны анықтады. Ол полиция бөліміне жеткізілді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтау барысында оның Ақтөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны Жаннұр Кішкенбаев екенін растады.

Сот шешімімен құқық бұзушыға қатысты тиісті бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей екенін, тыныштық пен қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір азаматтың тікелей міндеті екенін ескертеді.