Концертке байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
27 қыркүйек сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың концерті өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шара өткізілуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көрермендердің стадионға қолайлы келіп-кетуі және қозғалысын ұйымдастыру мақсатында «Астана Арена» стадионы маңында автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу «Алау» мұз сарайы жағынан (Марко Поло көшесі) және «Сарыарқа» велотрегінің жағынан (Месроп Маштоц көшесі) енгізіледі.
Концерт қонақтарына қолайлы жағдай жасау және көлік жүктемесін азайту үшін арнайы шаттл автобустар ұйымдастырылады.
Сағат 16:00-ден бастап олар қаланың төрт автотұрағынан «Астана Арена» стадионына қатынайды. Көрермендер көліктерін аталған автотұрақтарға қалдырып, стадионға шаттл автобуспен жете алады. Концерт аяқталғаннан кейін шаттл автобустар көрермендерді сол автотұрақтарға кері жеткізеді.
Автотұрақтар мына мекенжайларда орналасқан:
Сондай-ақ көрермендер концерт өтетін орынға жылдам әрі қолайлы жету үшін «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлік қызметін пайдалана алады.
Кептелістер мен стадион маңындағы автотұрақ мәселелерін болдырмау үшін бағытты алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен немесе шаттл бағыттарымен жүру ұсынылады.