Астанада карантин тәртібін бұзған дәмханалар тізімі жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

«Шаурма» және «Баррус» дәмханалары карантин тәртібін бұзудан рекорд жасады

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бірнеше рет карантин ережесін бұзған дәмханалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шаурма» және «Баррус» дәмханалары карантин тәртібін бұзудан рекорд жасады. 5 шілдеден бері «Шаурма» кафесін тексеру кезінде 16 тәртіп бұзу фактісі, ал «Баррус» кафесінде 6 факт тіркелді.  Көңіл көтеру орындарының иелерін әкімшілік жауапқа тарту үшін материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жіберіледі.

Дәмханалар тізімі:

«Алматы» ауданы:

- «Мята» дәмханасы

- «Мармелад» дәмханасы

- «Көкшетау» дәмханасы.

«Байқоңыр» ауданы:

- «Баррус» дәмханасы

- «Центр плова и шашлыка» дәмханасы

- «Шаурма» дәмханасы.

«Есіл» ауданы бойынша:

- «Аура» дәмханасы

- «Шашлычный двор»

- «The дым»

«Сарыарқа» ауданы:

- «Угол» дәмханасы

- «Анар»дәмханасы

- «Брио» дәмханасы

- «Арбалет» дәмханасы.