Назым Қызайбай Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

Автор: Асыл Арман

Ол қытайлық боксшыға есе жіберіп қойды

Фото: Olympic.kz/Нұрғали Жұмағазы

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Назым Қызайбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол 54 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қытайлық Чжао Сюаньмен кездесті

Үш раундтың қорытындысы бойынша қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.