Тұман, үсік және жаңбыр: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

25 қыркүйекте бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, тұман және жел күтіледі, кей жерлерде үсік жүреді

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның 15 облысында 25 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жетісу облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде күннің соңына қарай аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғып, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында, күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–18 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15–18 м/с болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда төтенше өрт қаупі бар. Қонаевта да төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.