Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаздар қатарынан көрінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло чемпион атанды – 14.666. Жапониялық Сёма Цукияма үздік қола жүлдеге ие болды – 14.566.