Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады.
«Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.