23 қыркүйекке белгіленген доллардың ресми бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 445,65 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,01 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 23 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы – 447,85 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 445,08 теңге, сатудың орташа бағамы – 447,08 теңге.
Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 443 теңгеден сатып алып, 450 теңгеден сатып жатыр.
Шымкентте долларды орта есеппен 444,94 теңгеден сатып алып, 446,94 теңгеден сатуда.