Батыс циклонының әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын жауады
Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай күтіледі, жел күшейеді. «Қазгидромет» алдағы үш күнге арнап осындай болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, 16 қыркүйектен бастап батыс циклонының әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын және желдің күшеюі болжанады, ал 17 қыркүйекте жекелеген аудандарда қатты жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
Күндіз Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы біртіндеп +20+27 °С-қа дейін көтеріледі.
«Республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: батыста +19+30 °С-қа, шығыста +18+25 °С-қа, оңтүстік-шығыста +22+28 °С-қа дейін», – делінген ауа райы болжамында.