Депутат конституциялық құндылықтарды білім, мәдениет және БАҚ арқылы орнықтыруды ұсынды
Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ конституциялық құндылықтарды қоғамның күнделікті өміріне орнықтырудың жаңа тетіктерін әзірлеуді ұсынды. Депутаттың пікірінше, әділет, заңға бағыну, жауапкершілік, еңбекқорлық және патриотизм сияқты құндылықтар ұран деңгейінде қалмай, білім беру, мәдениет, БАҚ, цифрлық коммуникация және мемлекеттік саясаттың өзегіне айналуы керек. Осыған байланысты ол мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Деутаттың айтуынша, президент реформалары елдің саяси, экономикалық және қоғамдық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруды көздейді. Алайда жаңа заңдар мен жаңғырған мемлекеттік институттардың өзі жеткіліксіз. Реформалардың орнықтылығы қоғамдағы ортақ құндылықтарға, азаматтардың заңға құрметіне, мемлекетке деген сенімі мен жеке жауапкершілігіне байланысты.
«Осы уақытқа дейін біз конституциялық құндылықтарды құқықтық тұрғыдан бекітуге, қорғауға және оларға кепілдік беруге басымдық бердік. Ендігі міндет – сол құндылықтарды азаматтың санасына, мінез-құлқына және күнделікті өміріне орнықтыру. Өйткені Конституцияның қуаты оның нормаларының сақталуымен ғана емес, ондағы құндылықтардың азаматтың ішкі ұстанымына айналуымен де өлшенеді. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған әділет, заңға бағыну, жауапкершілік, еңбекқорлық, прогресс және патриотизм қоғамдық қатынастардың нақты қағидаларына айналуы тиіс. «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» бастамаларын да бір-бірінен бөлек науқандар емес, ортақ құндылықтар жүйесінің құрамдас бөліктері ретінде қарастырған жөн», – дейді Үнзила Шапақ.
Оның пікіріне сүйенсек, әлемдік тәжірибе де конституциялық мәдениеттің тек құқықтық нормалар арқылы қалыптаспайтынын көрсетеді.
«Германияда конституциялық құндылықтарды қорғау демократиялық құқықтық мемлекеттің маңызды негіздерінің бірі ретінде қалыптасқан. Сингапур ұлттық бірегейлік пен азаматтық жауапкершілікті ортақ құндылық ретінде білім беру жүйесі арқылы орнықтырады. Финляндия азаматтық білім, медиасауаттылық пен сыни ойлау арқылы ортақ құндылықтардың күнделікті өмірде көрініс табуына мән береді. Бұл тәжірибелерге ортақ қағида – құндылықтарды декларация немесе ұран деңгейінде қалдырмай, мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірдің нақты мазмұнына енгізу», – дейді Құрылтай депутаты.
Цифрлық мемлекет жағдайында бұл мәселе жаңа мазмұнға ие болуы тиіс. Осыған байланысты ол министрге бірқатар ұсынысын жеткізді: