Күдіктілердің әрекетінен 274 отбасы зардап шеккен
Астанада Mardan тұрғын үй кешенінің құрылысына және үлескерлердің ақшасын алуға қатысты істі тергеу аяқталды. Материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қадағалау органының мәліметінше, күдіктілердің әрекетінен 274 отбасы зардап шеккен. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 4,1 млрд теңгені құрады.
Тергеу барысында азаматтардың ақшаны қажетті рұқсат құжаттарынсыз алғаны анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша, қаражат мақсатсыз пайдаланылған, ал құрылыс жұмысы кезінде бірқатар заң бұзылғаны белгілі болды.
«Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен 1 млрд теңгеден астам сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды», – деп хабарлады Астана прокуратурасы.
Іс бойынша төрт күдікті қамауға алынған. Енді қылмыстық істі сот қарайды.