Қазақстанда жол ережесін бұзған жүргізушілерді дрондар анықтап жатыр
Қазақстанда полиция қызметкерлері арнайы дрондардың көмегімен жүргізушілердің 20 мыңнан астам жол ережесін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттары камералармен жабдықталған, бейнежазбаны нақты уақыт режимінде бере алады.
Бұл технологиялар іс жүзінде өз нәтижесін көрсетіп отыр. 2026 жылдың сегіз айында дрондардың көмегімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды.
Олар:
«Тағы 9 мыңнан астам дерек жол қозғалысы ережелерінің өзге де бұзушылықтарына қатысты. Ұшқышсыз технологиялар полицияның мүмкіндіктерін кеңейтіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген ІІМ хабарламасында.