Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі
21 қыркүйекке елорда мен Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер тұман, жаңбыр және найзағай болатынын болжады. Бірқатар облыста өрт қаупінің жоғары немесе төтенше деңгейі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады. Көкшетауда да өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Шығысында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады. Петропавлда да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қостанайда да түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыста өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады. Павлодарда да түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады, ал батысында, солтүстігінде және шығысында өрт қаупінің төтенше деңгейі бар. Қарағандыда өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады. Жезқазғанда да өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысында, шығысында және оңтүстігінде өрт қаупінің жоғары деңгейі, оңтүстік-шығысында төтенше деңгейі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс, солтүстік желі 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше деңгей болады. Семейде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде түнде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей уақытта 17–22 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады, оңтүстігі мен шығысында жоғары деңгей болады. Қонаевта түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соғатын жел кей уақытта 17–22 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады. Іле Алатауының тауларында, Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматыда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей уақытта 17 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында түнде, күндіз де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Оңтүстікте, шығыста және таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Талдықорғанда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының шығысы мен таулы аудандарында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады. Таразда да өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады. Ақтөбеде де түнде және таңертең тұман болады.
Атырау облысының оңтүстігінде өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады. Атырауда да өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады, солтүстік-шығысында төтенше деңгей болады. Ақтауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өрт қаупінің жоғары деңгейі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.