Өрт 2 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді
Астана қаласының Байқоңыр ауданында, Отырар көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шықты. Төтенше оқиғаға пәтердегі ашық тұрған газ плитасының конфоркасынан газ-ауа қоспасының тұтануы себеп болған. Салдарынан үй ішіндегі жиһаздар мен жеке заттар жана бастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ құтқарушылары шақырту түскен сәттен бастап 3 минут ішінде оқиға орнына жедел жетті. Олар баспалдақ маршы арқылы пәтер иесін — әйел адамды қауіпсіз жерге шығарып, дереу жедел жәрдем бригадасының мамандарына тапсырды. Медициналық тексеруден кейін зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, ауруханаға жатқызу талап етілген жоқ.
Өрт 2 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. ТЖМ азаматтарды тұрмыста газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға шақырады.