Баянауыл аудандық әйел адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты
Павлодар облысында жедел жәрдем қызметкерін боқтап, жұмысына кедергі келтірген әйел адам айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баянауыл аудандық әйел адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сотқа жеткен оқиға 5 қыркүйек күні Майқайың кентінде болған. Жедел жәрдем бригадасы бойжеткеннің денсаулығы нашарлағаны туралы шақыртуға жеткен. Оқиға орнында дәрігерлер пациентке не болғанын анықтап, көмек көрсетуге тырысқан. Алайда, осы үйде 103 қызметінің фельдшерін балағаттап, тіпті оның жұмысына кедергі жасамақ болған әйел де болған. Осының бәрі бейнежетонға түсірілген.
Бұл жазба сот барысында құқық бұзушылықтың негізгі дәлеліне айналды.
«Сот өкілдері әйелді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 80-1-бабының 2-бөлігі («Медицина және фармацевтика қызметкерлерін өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде балағаттап, құрметтемеушілік таныту») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жаза ретінде бірінші сатыдағы сот оған 30 АЕК (129 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салды. Сот шешімі 17 қыркүйекте шығарылды және әлі заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.