Қазақстанда доллардың орташа бағамы 446 теңгеден асты

Автор: Асыл Арман

18 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 446,56 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,65 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 18 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы 444,58 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 446,43 теңге, сату бағамы – 448,4 теңге. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 445 теңгеден сатып алынып, 452 теңгеден сатылып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 446,88 теңгеден сатып алып, 448,94 теңгеден сатып жатыр.