Аппараттың міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының ережесі мен құрылымын бекітті. Құжатта Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының мәртебесі, міндеттері мен функциялары, өкілеттіктері және жұмысын ұйымдастыру тәртібі айқындалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының мәртебесін, міндеттері мен функцияларын, өкілеттіктерін, жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты (бұдан әрі – Аппарат) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.
2. Аппарат және оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Аппарат – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады.
4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аппараттың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
8. Аппараттың толық атауы: «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі».
9. Аппараттың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
10. Осы Ереже – Аппараттың құрылтай құжаты.
11. Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
12. Аппараттың қызметін қаржылық, материалдық-техникалық жағынан және өзге де қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2-тарау. Аппараттың міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
13. Аппараттың қызметі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді бақылауды күшейтуге және жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың орнықтылығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы Президентінің (Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі ‒ Қауіпсіздік Кеңесі) шешімдерін институционалдық қамтамасыз етуге және орындауға бағытталған.
14. Аппаратың міндеттері:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының қызметін қамтамасыз ету;
2) жүйелік сын-қатерлер мен қатерлерді анықтау, бағалау, болжау, олардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдардың үйлесімділігі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттігін:
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің (Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының) және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттер.
15. Міндеттеріне сәйкес Аппаратқа мынадай функциялар жүктеледі:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету саласында:
2) ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйін мониторингтеу және қауіп-қатерлерді бағалау саласында:
3) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді талдау мен болжау саласында:
4) ұлттық қауіпсіздіктің мынадай сипаттағы мәселелеріне назар аудара отырып, ұзақ мерзімді жоспарлау саласында:
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарына:
5) ақпараттық қауіпсіздік саласында:
6) инновациялар және ғылыми-технологиялық қауіпсіздік саласында:
7) әскери қауіпсіздік пен қорғаныс саласында:
8) заңдылықты сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласында:
9) сыртқы қауіпсіздік саласында:
10) ұлттық қауіпсіздіктің өзге де түрлері мен бағыттары саласында:
16. Осы Ережеде көзделген функцияларды іске асыру үшін Аппарат:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан осы Ережеде айқындалған өкілеттіктер шеңберінде қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Аппараттың қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды беру жөнінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін міндетті болатын ағымдағы тапсырмалары мен сұрау салуларына, егер Аппарат өзге мерзім белгілемесе, оларды алған күннен бастап екі апта мерзімде жауап беріледі;
2) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметін үйлестіруге, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының актілері мен тапсырмаларының орындалуын анықталған және расталған бұзушылықтарды жоюды талап ету құқығымен бақылауға;
3) мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер қоры мен жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;
4) осы Ережеде өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде Аппарат жүргізетін тексерулердің нәтижелері туралы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына баяндауға құқылы.
Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен не Аппарат басшылығымен келісу бойынша Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ие болады.
3-тарау. Аппараттың қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің өкілеттіктері
17. Аппаратты оның басшысы басқарады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерінің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болмаған кезеңде Аппарат басшысы оның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлігіндегі функцияларын орындайды.
18. Аппарат басшысының орынбасарлары, оның ішінде бірінші орынбасары болады.
19. Аппарат басшысын, оның орынбасарларын, сондай-ақ Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) Аппаратты басқарады және Аппараттың жұмысына тікелей басшылық етеді;
2) Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспарларының, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің жобаларын Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен одан әрі келісу үшін Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына ұсынады;
3) Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің орындалуын, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұлттық қауіпсіздікті және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығын жүргізу мәселелері жөніндегі актілері мен тапсырмаларының орындалуы мен сақталуын бақылайды;
4) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұлттық қауіпсіздікті және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі қызметін ақпараттық және талдамалық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Аппараттың атынан өкілдік етеді;
6) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппараттың қызметкерлерін және Аппараттың қызметіне тартылған өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсынулар енгізеді;
7) жұмыс топтарын және инспекциялық топтарды құрады, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларын, Қауіпсіздік Кеңесінің жанынан сараптамалық кеңес құру, олардың міндеттері, функциялары, лауазымдық, дербес құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметін, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар мамандарының қатысуымен инспекциялауды ұйымдастырады;
9) ұлттық қауіпсіздікті және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығы мәселелерін қарау кезінде Құрылтай, Үкімет отырыстарына, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың алқа отырыстарына қатысуға құқылы;
10) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының келісімімен және тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жасайды;
11) Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарымен келісу бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізеді;
12) Аппараттың құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы қызметкерлерге тапсырмалар береді, Аппараттың құзыретіне жатқызылған функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдық-өкімдік шараларды қабылдайды;
13) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
14) Аппараттың штат кестесін бекітеді, оған Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны шегінде өзгерістер енгізеді;
15) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын және өзге де қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
16) Аппаратта Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы ережелерінің орындалуын бақылайды;
17) Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады, оларды көтермелеу мәселелерін, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;
18) Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Аппарат қызметкерлерін іссапарларға, оның ішінде шетелдік іссапарларға жібереді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Аппарат басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
22. Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
23. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының шешімі бойынша Аппаратта бірқатар лауазымдар заңнамада белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін іссапарға жіберу арқылы алмастырылуы мүмкін.
24. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері белгіленген тәртіппен Аппаратқа:
қысқа мерзімді негізде – Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін дайындауға, Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының, Сараптамалық кеңестің, инспекциялық топтардың және жұмыс топтарының, сондай-ақ қызметін Аппарат қамтамасыз ететін және үйлестіретін өзге де консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне;
ұзақ мерзімді негізде – Аппараттың ақпараттық-талдамалық функцияларын іске асыру мақсатында оның қызметіне тартылуы мүмкін.
25. Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін оның қызметкерлері Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының келісімімен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.
26. Аппараттың қызметкерлері өздерінің мәртебесі, қызметтік жұмысының жағдайлары мен кепілдіктері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметкерлеріне теңестірілген.
4-тарау. Аппараттың мүлкі
27. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
28. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Аппарат өзіне бекітіп берілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
29. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.