Қамауға алынған Қазақстан азаматы – үш баланың анасы
АҚШ-қа барған Қазақстан азаматын иммиграция қызметінің мамандары қамауға алды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, қамауға алынған Қазақстан азаматы – үш баланың анасы.
«Бірқатар БАҚ-тың сұрауына қатысты мынаны хабарлаймыз. Қазақстан азаматшасын АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты Флорида штатының аумағында АҚШ иммиграция қызметінің мамандары ұстап алған. Қазақстандық дипломаттар қажетті консулдық көмек көрсету мақсатында АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматшаның отбасымен байланыс орнатты», – делінген министрлік хабарламасында.