Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған

Фото: Видеодан скрин

Күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев ата-анасын, бауырларын қырып салғаннан кейін Ақбаян Мұқанғалиева жындыханаға түскен. Арада бірнеше ай өткеннен кейін ол балаларымен кездесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған. Сұлтан Сәрсемәлиев қайын жұртын кезек-кезегімен асқан жауыздықпен өлтірген. Осы қылмысы үшін ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ал Ақбаян кінәсіз деп танылып, денсаулығына байланысты психологиялық диспансерге жатқызылған.

Ақбаян қазіргі уақытта туыстарының қарамағында, психикалық денсаулығына ауыр зиян келгеннен кейін емделіп жүр. Туыстарының айтуынша, Ақбаянның жағдайы жақсарып келеді, қалыпты өмірге оралуға жақын.

Ұзақ уақыт үзілістен кейін Ақбаян балаларымен алғаш рет қауышты. Басына түскен ауыр қайғыдан кейін балаларымен кездесу маңызды кезең болды. Себебі, балаларымен әңгімелесудің өзі оның эмоциялық жағдайына оң әсер етеді.

«Қазір Ақбаян өзін жақсы сезінеді. Бірақ толығымен жазылуы үшін уақыт керек. Біз емі мен реабилитациясын ары қарай жалғастырамыз. Мұндай жағдайдан кейін адамның қалыпты өмірге оралуы оңай емес. Сол себепті жақындарының көмегі қажет», – дейді туыстары.

Ең қиыны, Ақбаян ата-анасының, бауырларының өлімі жайлы әзірге білмейді. Туыстары бұл оқиға оның психологиялық жағдайына ауыр зиян келтіруі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Қаралы хабарды дұрысталғаннан кейін жеткізуді жөн көріп отыр.

Ақбаян қазір туыстарының қолында. Оның ең басты тілегі – балаларымен бірге болып, бірге өмір сүру.