Ақтауда балалар автобуста ересектердің деңгейінде жолақысын төлеп келген

Автор: Асыл Арман

Қоғамдық көліктерде кәмелетке толмағандарға арналған тариф бойынша QR-кодтардың болмағаны анықталды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақтау қаласында балалар автобуста ересектердің деңгейінде жолақысын төлеп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, талдау барысында қоғамдық көліктерде кәмелетке толмағандарға арналған тариф бойынша QR-кодтардың болмағаны анықталды. Соның салдарынан балалар жолақысын жалпы тариф бойынша төлеуге мәжбүр болған.

«Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жергілікті атқарушы орган кәмелетке толмағандарға арналған тарифті қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етті. Ақтау қаласы прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде 10 мыңнан астам кәмелетке толмаған жолаушының құқықтары қорғалды», – делінген хабарламада.