Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбырлы болады
«Қазгидромет» болжамына сүйенсек, алдағы күндері солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 16 қыркүйектен бастап батыс циклонының әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, ал 17 қыркүйекте жекелеген аудандарда қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
«Күндіз Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы біртіндеп +20+27 °С-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: батыста +19+30 °С-қа, шығыста +18+25 °С-қа, оңтүстік-шығыста +22+28 °С-қа дейін», – делінген хабарламада.