Қостанайда науқастардың азаюына байланысты 2 провизорлық орталық жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Фото: ашық дереккөзден

Короновирус инфекциясы мен пневмония жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты Қостанайда 2 провизорлық орталық жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Облыс орталығындағы «Достық» санаториі мен тері аурулары диспансері жанынан ашылған провизорлық орталықтар жұмысын тоқтатты», - деп жазылған хабарламада.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиын өткізіп, облыстың эпидемиялық жағдайы тұрақталып келе жатқанын айтты.