Тоқаев Кореяға мемлекеттік сапармен барды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстан президентін Кореяның премьер-министрінің орынбасары күтіп алды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысын Сеул әуежайында премьер-министрдің орынбасары – ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездескені хабарланған.