Алматы тауларында адасқан екі жасөспірім құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

2 600 метр биіктіктегі «Терра» алаңы маңында кезекті құтқару операциясы жүргізілді

Фото: ТЖМ

Өткен түнде Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында, 2 600 метр биіктіктегі «Терра» алаңы маңында кезекті құтқару операциясы жүргізілді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Тауда бағдарынан жаңылысып, өздігінен төменге түсе алмаған екі жасөспірімге Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары көмекке келді.

Мамандар жасөспірімдермен үздіксіз байланыс орнатып, олардың нақты орналасқан жерін жедел анықтады. Түнгі уақытта жүргізілген іздестіру-құтқару шараларының нәтижесінде жастар таудан аман-есен түсіріліп, туыстарына тапсырылды.

Жасөспірімдердің денсаулық жағдайы қалыпты, олар медициналық көмекті қажет етпеді.

Құтқару қызметі азаматтарға таулы жерлерде серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, ауа райы мен уақытты ескеруді қайта ескертті.