Азаматтың денсаулығына зақым келмеген
Ақмола облысы Біржан сал ауданында Жүкей көлінің акваториясында кезекті құтқару операциясы жүргізілді. 1964 жылы туған ер адам резеңке қайықпен балық аулауға шығып, кенеттен соққан қатты желдің салдарынан өздігінен жағаға жете алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл жетті. Мамандар балықшыны аман-есен су бетінен алып, жағаға жеткізді.
Азаматтың денсаулығына зақым келмеген, ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖД өкілдері азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, ауа райының қолайсыздығы кезінде резеңке қайықпен суға шықпауды ескертеді.