Қарағандыда кішкентай бала шұңқырға құлап кеткен

Автор: Дәулет Ботагөз

Дабыл түскен бойда оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті

Фото: © istockphoto.com

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданында кішкентай баланың өміріне қауіп төнген төтенше жағдай болды. Чайкина көшесіндегі тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бүлдіршін құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дабыл түскен бойда оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Арнайы мамандық пен шапшаңдықтың арқасында құтқарушылар баланы шұңқырдан аман-есен алып шығып, анасына тапсырды.

Оқиғадан кейін бүлдіршіннің денсаулық жағдайын толық тексеру және қажетті медициналық бақылау жасау үшін ол жедел медициналық жәрдем бригадасының мамандарына аман-есен тапсырылды.